Оқыс оқиғадан зардап шеккен екі қазақстандық азамат елге оралды
Мысыр әуежайында қайтыс болған Қазақстан азаматының денесі елге жеткізіледі. Бұл туралы Мәжіліс дәлізінде Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, мәйітті жеткізуді Мысыр тарапы мойнына алған. Шығынның бір бөлігін қазақстандық сақтандыру компаниясы жабады. Әлібек Қуантыров моральдық өтемақы мәселесі шешілгенін де айтты. Алайда оның сомасына қатысты пікір білдіруден бас тартты. Қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын Мысыр тарапы жүргізіп жатыр. Оқыс оқиғадан зардап шеккен екі қазақстандық та елге оралды.
Еске сала кетейін, 17 мамырда Шарм-эль-Шейх әуежайында жарнамалық тақта құлап, салдарынан Қазақстан азаматы көз жұмып, екі отандасымыз жарақат алған.
«Өтемақы бойынша мәселе шешіліп жатыр, көмектесіп жатырмыз. Біздің консул сол қалада, бақылауда ұстайды. Египет тарапымен тиісті министрі мәселені бақылап отыр және комиссия құрылып, қазір тергеу жүріп жатыр», – деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров.
Оқи отырыңыз: Бір адам мойнына алмаса, бәрімізге қиын болады: Абзал Шынасыл Шерзатқа пышақ сұқпағанын айтты