Жылыту маусымы: Олжас Бектенов жалған ақпарат берген адамдар жауапкершілікке тартылатынын айтты

Саран қаласындағы 77 үй жылусыз қалған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Саран қаласындағы 77 үйдің жылусыз қалғаны Премьер-министр Олжас Бектеновтың шамына тиді. Бүгін Үкімет отырысында бұл мәселе күн тәртібінен тыс қаралып, министрлер кабинетінің басшысы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтан жағдайды түсіндіруді талап етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олжас Бектенов «қыс басталмай жатып тұрғындардың бүрсең қағып отыруы бірінші кезекте Саран қаласы әкімінің жеке жауапкершілігі және облыс әкімдігі тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығы» деді. Сонымен қатар жылу беру нысанының дайындығы туралы жалған ақпарат берген адамдардың барлығы жауапкершілікке тартылатынын жеткізді.

" Отырыстан кейін Энергетика министрі Саран қаласына барып, бәрін тексереді. Тексеру нәтижесі бойынша материалдарды құқық қорғау органдарына жібереміз. Егер қылмыстың құрамы бар болса, кінәлі адамдардың бәрі қылмыстық жауапкершілікке тартылады", – деді ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов.

Оқи отырыңыз: Алматыда жылыту маусымы қалай өтуде

Новости партнеров