Алматы прокуратурасы жолдардағы тәртіпті күшейтуді жалғастыруда

01.09.2026 12:20
Depositphotos

Тәулік ішінде 1,8 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі: Алматы прокуратурасы жаңа статистиканы ұсынды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында өткен тәулікте Алматы қаласының аумағында 1 835 Жол жүрісі қағидаларын бұзу дерегі анықталды.

Алматы қаласы прокуратурасының мәліметінше, оның 187-сі — өрескел заңбұзушылықтар, олар жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндірген.

Анықталған негізгі эереже бұзушылықтар:

  • Көлікті мас күйінде басқару — 8;
  • Көлік жүргізу құқығынан айырылған тұлғаның рөлге отыруы — 3;
  • Жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерімен көлік жүргізу — 2;
  • Манёвр жасау ережелерін бұзу (оның ішінде «шашки» түріндегі қауіпті манёврлер) — 84;
  • Көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдалану — 33;
  • Қарсы бағыттағы жолаққа шығып кету — 10;
  • Қауіпсіздік белдігін тақпау — 47.

Сонымен қатар, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 11 көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды.

Толық көрсету