Өскеменде қорғаныс зауытында жарылыс болып, өрт шықты: қаза тапқандар бар

05.05.2026 12:24

Құтқарушылар келген сәтте ашық жану байқалды

фото МЧС РК

"Казцинк" қорғасын зауытының аумағында, электролиз цехының балқыту бөлімінде шаң ұстау құрылғысының жарылысы болып, кейіннен өрт шықты, - деп хабарлайды  Almaty.tv. ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құтқарушылар келген сәтте ашық жану байқалды. ТЖМ күштерімен өрт 120 шаршы метр ала4да  толық сөндірілді, сондай-ақ цех құрылымдарының 220 шаршы метр аумақта құлауы орын алды.

Оқиға салдарынан 7 адам зардап шекті: 2-еуі қаза тауып, 2-еуі ауруханаға жатқызылып 3 адам үйіне жіберілді.

Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Апат салдарын жоюға шамамен 80 адам жеке құрам, 18 техника бірлігі, командалық-штабтық машина, ТЖМ ұшқышсыз ұшу аппараты, кинологиялық есептоптар және Апаттар медицинасы орталығының бригадасының дәрігерлері  жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз: Соңғы екі жылда Алматыда ешкім тамақтан ұшынған жоқ