Салық қарызының бар-жоғын қалай тексеруге болады және қарыз анықталса не істеу керек
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық және кедендік міндеттемелері бойынша берешегі бар тұлғалардың жаңартылған тізімін жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Uchet.kz-ке сілтеме жасап.
Белгіленген мерзімде өтелмеген салық және кедендік берешектер туралы мәліметтер ашық платформада орналасқан.
Заңды тұлғалардың салық берешегі
Алғашқы тізімге салық төлеушілер - заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері енгізілген. Бұл тізімге берешек сомасы пайда болған күннен бастап төрт ай ішінде өтелмеген және мөлшері 150 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асатын ұйымдар кірген.
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша аталған тізімде 16 733 субъект тіркелген.
Деректерді жүктеп алуға болады, әрбір салық төлеуші өзін тізімнен тексере алады.
Кедендік төлемдер бойынша берешек
Екінші тізімге 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждары, сондай-ақ өсімпұл мен пайыздар бойынша берешегі бар төлеушілер енгізілген. Бұл тізімге де берешек пайда болған күннен бастап төрт ай ішінде өтелмеген жағдайлар негіз болған.
Мұндай төлеушілердің жалпы саны – 1 274 субъект.
Аталған ақпарат та ашық қолжетімді және тексеруге мүмкіндік бар.
Егер өзіңізді тізімнен тапсаңыз не істеу керек?
Егер ұйым немесе төлеуші жарияланған тізімнен өзінің аты-жөнін тапса, тиісті Мемлекеттік кірістер басқармасына жүгінуі қажет. Мамандар берешектің пайда болу себебін нақтылап беруге көмектеседі.
Егер берешек сомасы расталып, даулы мәселе туындамаса, Мемлекеттік кірістер комитеті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылмауы үшін міндеттемелерді мүмкіндігінше қысқа мерзімде өтеуді ұсынады.
Оқи отырыңыз: Былтыр балаларға 806 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді