«Наркоз алуына болмайды: Педиатр үш жастағы қыздың өліміне қатысты мәлімдеме жасады

Almaty.tv
Almaty.tv

Эксперттің сөзінше қыз әлсіреген, анемиясы бар, тыныс алу жолдарында қабыну байқалып, қан талдауы бактериалдық инфекцияны көрсеткен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Наркоз алуына болмайды». Педиатр үш жастағы қыздың өліміне қатысты сот отырысында осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Астанадағы жекеменшік клиниканың стоматологиясында қайтыс болған балақайдың ісі бойынша бүгін тәуелсіз сарапшы Бақыт Мусинадан жауап алынды. Оның айтуынша, бала наркоз жасауға жарамайтын жағдайда болған. Эксперттің сөзінше қыз әлсіреген, анемиясы бар, тыныс алу жолдарында қабыну байқалып, қан талдауы бактериалдық инфекцияны көрсеткен.

«Мұндай кезде стоматологиялық емді тоқтатып, баланы педиатрға жіберу керек еді» - деді маман.

Сонымен қатар қыз тіс емханасына келер алдында көп дәрі қабылдаған, бұл аллергиялық қауіп туғызған көрінеді. Педиатр осы факторлар наркоз кезінде асқынуға әкеліп, өлімге себеп болуы мүмкін екенін айтты.

Оқи отырыңыз: Алматыда Qarzhy Saqshysy қаржылық қауіпсіздік жобасы басталды

Новости партнеров