26 наурыздан бастап барлық орталықтар әдеттегі жұмыс кестесіне оралады
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Наурыз мейрамы күндері Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесін жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі :
21–24 наурыз — барлық орталық жұмыс істемейді;
25 наурыз (сәрсенбі) — кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар сағат 9:00–13:00 аралығында қызмет көрсетеді;
26 наурыздан бастап барлық орталықтар әдеттегі жұмыс кестесіне оралады.
Корпорация өкілдері қазақстандықтарға мереке күндерінде жұмыс барысын алдын ала жоспарлауды сұрайды.