Наурыз мейрамы: тараздық әжелер балабақшаларда ертегі айтып жүр

19.03.2026 15:36

Әжелер бұл ізгі істі әдетке айналдырып, аптасына екі рет бөбекжайларды араламақ

Наурыз қарсаңында тараздық ақ жаулықты әжелер шаһардағы барлық балабақшаны аралап ертегі айтып жүр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кимешек киген кейуаналар аңыз әңгімелерді насихаттап, ұлттық мұраны дәріптеуге осылайша кіріскен. Олар қиын сөзбен жазылған туындыларды, қарапайым әрі түсінікті тілде әңгімелеп береді. Әжелер бұл ізгі істі әдетке айналдырып, аптасына екі рет бөбекжайларды араламақ. Жалпы оқылатын ертегінің барлығы бір кітапқа жинақталған. Туындыда жан-жануарларға, тәрбиеге, достыққа қатысты әңгімелер топтасқан.

«Бүгінге көп ата-аналар ертегі айтуды қойған. Оны жалғастырып, балалардың ой өрісін, қиялын, тілін дамыту үшін жобаны қолға алдық», – деді Ш. Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының ұйымдастырушысы Гүлгауһар Бүркітбаева.

Оқи отырыңыз: Астанада 18 мың бала бір мезетте асық ойнады