Наурызнама: Жаңару күнінде алматылықтар көшет отырғызды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Наурызнаманың алтыншы күні – Жаңару. Айтулы датаға орай, Алматының 8 ауданында көшеттер отырғызылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәселен, Түрксіб ауданының «Жас қанат» тұрғын үй кешенінің аумағына 100 түп үйеңкі ағашы егілді. Экологиялық іс-шараға тұрғындар, еріктілер мен жастар және мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бастама қаланы көгалдандыруға бағытталған.

«Бүгін - Жаңару күні. Осы мерекенің аясында 10 күндіктің аясында өздеріңіз көріп отырғандай, Түрксіб ауданында бүгін ағаш егу дәстүрі бойынша жалғасуда. 150 тал үйіңке ағашын отырғызып жатырмыз. Келешекте осы ауданның басқа жерлеріне де ағаш отырғызылады», – деді Түрксіб ауданының әкімі Дамир Әкежанов.

Оқи отырыңыз: Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні – Жаңару күні

 

     

 

 

 

Новости партнеров