Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының жаңа орынбасарларын тағайындады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
- Нұржан Хажимұратұлы Каджиақбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
- Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
- Геннадий Иванович Зуев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Оқи отырыңыз: ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының басшысы тағайындалды