БЖБ мен ТЖБ-ны жою, жаңа пәндер және медициналық тексерудің жаңа ережелері
Оқу-ағарту министрлігі оқушыларға түсетін жүктемені азайту, қауіпсіздікті арттыру және білім беру жүйесін заман талабына сай модернизациялауға бағытталған жаңа реформаларды ұсынады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Негізгі өзгерістер: 1. Бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ-ны жою1–4 сынып оқушылары үшін бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) мен тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) толығымен тоқтатылады. Бұл жүйе балаларға артық психологиялық салмақ түсіргені анықталды. Оның орнына ағымдағы бақылау формалары — диктанттар, бақылау жұмыстары, практикалық және шығармашылық тапсырмалар жүргізіледі.
2. Жаңа пәндер мен жасанды интеллектОқу бағдарламасына жаңа міндетті курстар енгізіледі:
Сонымен қатар, цифрлық сауаттылық пен информатика сабақтарына жасанды интеллект негіздері біріктіріледі. Пәндер «Цифрлық сауаттылық және ЖИ» (1–4 сыныптар) және «Информатика және ЖИ» (5–11 сыныптар) болып өзгертілді. Павлодар мен Қызылорда облыстарындағы шағын жинақты мектептерде ЖИ қолдану бойынша пилоттық жоба басталады.
3. Жаңартылған АӘТ және жаңа оқулықтарПәнге бұрынғы «А алғашқы әскери дайындық» (АӘТ) атауы қайтарылып, бағдарламасы толық жаңартылды. Оқытушылардың біліктілігін арттыру әскери оқу орындары базасында жүргізіледі.
Сондай-ақ, оқулықтарды кезең-кезеңімен жаңарту жоспарланған. 2026 жылдың тамыз айының соңына дейін 3-сыныптарға арналған негізгі пәндер мен 7-сыныптың «Дүниежүзі тарихы» бойынша жаңа оқулықтар жеткізіледі.
4. Смартфондарды пайдалануға шектеуСабақ барысында оқушыларға ұялы телефонды пайдалануға тыйым салынады (сабақ жоспарына сәйкес қажет болған жағдайларды қоспағанда). Телефондарды сақтау тәртібін әр мектеп өзі белгілейді.
5. Медициналық тексерудің жаңа ережелері30 тамыздан бастап балаларды профилактикалық медициналық тексерудің жаңа ережелері енгізіледі: