Сыбайлас-жемқорлықпен күрес: Алматыда студенттік олимпиаданың ақтық кезеңі өтті

27.11.2024 18:10

Жарыс нәтижесі бойынша, Көкшетаудағы Шоқан Уәлиханов университетінің командасы жеңіске жетті

Алматыда Республикалық сыбайлас-жемқорлыққа қарсы студенттік олимпиаданың ақтық кезеңі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараға елдің түкпір-түкпіріндегі 20 жоғары оқу орнынан қатысушылар жиналды. Мақсат – жастар арасындағы адалдық, әділеттілік сынды қасиеттерді насихаттау.

Айта кетейін, Олимпиадаға заң факультеті ғана емес, өзге мамандықта білім алып жатқан студенттер де қатысқан. Жарыс нәтижесі бойынша, Көкшетаудағы Шоқан Уәлиханов университетінің командасы жеңіске жетті. Іс-шараға қатысушылар сертификат, дипломдармен марапатталды.

"Бірінші тур онлайн өтті. Тапсырмаға сәйкес, команданың атынан эссе жазып тапсырдық. Нәтижесінде екінші айналымға, ақтық кезеңге өттік. Біздің командамыз Әділет деп аталады. Тобымызда 4 адам бар", – деді олимпиада қатысушысы Татьяна Горнышева.

"Бұл іс-шараның бастапқы мақсаты – ол жастар арасында, студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру. Осындай шаралар үнемі ұйымдастырылып тұруы тиіс деп есептейміз. Серіктестеріміз, жоғары оқу орындары, мәселелерге белсенді түрде қатысуда", – деді  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы Арман Рахимов.

Оқи отырыңыз: Қарағандыда адам азаптады деп айыпталған түрме қызметкері сотталды