Бұл іс адам өлтіру, некеге мәжбүрлеу және аңду деректері бойынша тергеліп жатыр
21 жастағы Нұрай Серікбайды өлтірді деген күдіктінің ақыл-есі дұрыс болып шықты. Бұл туралы Сенат кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сөзінше, іс бойынша сот-психиатриялық сараптама жүргізіліп, қорытындысы алынған. Күдікті заң алдында есі дұрыс тұлға ретінде жауап береді. Қазір тергеу аяқталуға таяған.
Еске сала кетейін, бұған дейін марқұм Нұрайдың ағасы Сұлтан Серікбай «күдікті өзін психикалық ауытқуы бар адам ретінде көрсетіп, жауапкершіліктен жалтаруға тырысып жатыр» деп дабыл қаққан. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов мәлімдемеге қатысты пікір білдіріп, күдікті Алматы облысындағы Ақтас ауылындағы психиатриялық сараптамадан өткізіліп жатқанын жеткізген.
Айта кетейік, бұл іс адам өлтіру, некеге мәжбүрлеу және аңду деректері бойынша тергеліп жатыр.
«Нұрайдың өліміне қатысты тергеу әрекеттері аяқталуға жақын. Тергеушінің тағайындауымен сот-психиатриялық сараптама жүргізілді. Қазір оның нәтижелері алынды. Айыпталушы заң алдында есі дұрыс адам ретінде жауап береді. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов.
Оқи отырыңыз: Сенат бұралқы иттер мәселесіне арналған заңды Мәжіліске қайтарды