Балалар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне автоматты түрде енгізілген
Жаңа оқу жылы басталғаннан кейін ата-аналар балаларға қандай тегін медициналық көмек қолжетімді екенін сұрай бастады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры осы сұрақты түсіндірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.
Балалар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне автоматты түрде енгізілген. Олардың жарнасын мемлекет төлейді. Сондықтан оқушылар тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін де, МӘМС пакеті аясындағы қызметтерді де ала алады.
Оқушыларға қолжетімді медициналық қызмет түрлері:
“Мектеп медицинасы” нені қамтиды?
Бұл – мектеп пен балабақшадағы балаларға көрсетілетін кешенді медициналық қызмет. Оның мақсаты – денсаулықты сақтау, аурулардың алдын алу және оқушыларды тұрақты бақылау.
Мектеп медицинасына кіретін қызметтер:
Бұл қызметтерді мектептің аумағына бекітілген емхана көрсетеді. Мектептегі медициналық пункттер арқылы балаларды тұрақты бақылап, дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік бар.
ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова ата-аналардың кейде “баланы басқа емханаға тіркеп қойған” деген шағым айтатынын жеткізді. Оның айтуынша, мұндай жағдайлар жүйеде мәліметтің кешігіп шығуымен байланысты. Баланың скрининг немесе қосымша диагностика нәтижелері көбіне тексеру толық аяқталған соң немесе бала белгілі жасқа жеткенде ғана базаға енгізіледі.
Оқи отырыңыз: Ядролық қақтығыс қаупі қатты алаңдатады — Мемлекет басшысы