Хайп қумақ болған бойжеткендердің ата-аналары жауапқа тартылды
Атырау облысына қарасты Жылыой ауданында жасөспірім жоғалды деп жалпақ жұртқа жария салған 3 жеткіншек ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әлеуметтік желі арқылы танылмақ болған қыздар ақыры полиция бөлімшесінен бір-ақ шыққан. Олар инстаграмм парақшасына кішкентай баланың жоғалғаны туралы хабар таратып, елді дүрліктірген. Бірақ полиция бұл хабарламаның жалған екенін мәлімдеді. Белгілі болғандай, мектеп оқушылары бұл әрекетке оқырман санын көбейтіп, лүпіл жинау үшін барған. Ал хайп қумақ болған бойжеткендердің ата-аналары жауапқа тартылды.
«Үш жасөспірім инстаграмм әлеуметтік желісінде жоғалып кетті деген мазмұндағы ақпарат таратқан дерек бойынша жасөспірімдердің заңды өкілдеріне кәсілетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру олардың құқықтарын қорғау міндеттерін қауіпсіздігін қамтамасыз ету сондай-ақ, күтіп жасау, күтім бағу шараларын орындамағаны үшін әкімшілік хаттама жасалды», – деді ПД ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы Дина Мақсот.
Оқи отырыңыз: Заң мен тәртіп: Алматыда 1000-нан астам азамат мамандардан кеңес алды