Олимпиада -2026: 7 спортшы Қазақстан атынан медаль үшін таласады

Almaty.tv
Almaty.tv

Ұлттық құраманың сапынан тау шаңғы спортшысы Александра Скороходова жүлдеге таласады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Олимпиада ойындарының  алтыншы күні еліміздің спортшылары үшін сынаққа толы болмақ. Бүгін 7 жерлесіміз жарыс жолына шығып, Қазақстан атынан медаль үшін таласады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлттық құраманың сапынан тау шаңғы спортшысы Александра Скороходова жүлдеге таласады. Артынша финалдық жарыста Павел Колмаков бақ сынайды. Сонымен қатар шаңғы спортының жекелей сынында Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник және Дарья Ряжко ел намысын қорғайды. Күннің соңында конькиші Надежда Морозова 5 мың метрлік қашықтықта жарысады.

Айта кетейік, кеше еліміздің могулшы арулары жүлдесіз қалған еді. Сондай-ақ биатлоншыларымыз да сәтті өнер көрсете алмады.

Оқи отырыңыз: Алматылық ІТ мамандар тоғызқұмалаққа арналған жаңа қосымша әзірледі

 

Новости партнеров