35-40 жас шамасындағы еркектер баланы жерге құлатып, тепкінің астына алған
«Өлімші етіп сабап, мұрны және бет сүйегін сындырған». Алматылық келіншек 18 жастағы ұлын бәзбіреулердің аямай ұрып-соққанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Оқиға сенбіде тамақтану орнының алдында болған. Анасының сөзінше, кешкі ас ішіп шыққан ұлы мен досы шыға берісте бір топ азаматпен сөзге келіп, артынша араққа сылқия тойғандар жастарды жабылып ұрып, жерге құлатқан. Ауыр соққыдан ұлым бірден есінен танған, бірақ апталдай еркектер ұруын доғармаған көрінеді.
«Баламның жанында бір қыз келе жатып өмек сұрағн көрінеді. Видеода бар, ақ куртка киген жігіт досы мен баламның жағасынан алған. Балалар такси шақырып қойып, шығып бара жатқан. Менің балам барып, не болғанын сұрағанда тобымен жабылып, ұрған», – деді қала тұрғыны Ақмаржан Ботбаева.
Ақмаржан Ботбаеваның сөзінше, төбелес мұнымен тоқтамаған. 35-40 жас шамасындағы еркектер баланы жерге құлатып, тепкінің астына алған. Апталдай азаматтардың ауыр соққысынан кейін жігіттің мұрын мен бет сүйегі сынып, ерні жыртылған.
«Сүйегі сынған, көз көрінбейді, мұрны ішке кіріп кеткен. Аурухана жатыр, қабырғаға сүйеніп тамақ ішті. Бетінде аяқ киімнің ізі, ернін жыртып жіберген», – деді Ақмаржан Ботбаева.
Шу шыққан соң күдіктілер машинаға отырып, оқиға орнынан ізін суытқан. Артынша полиция бұзақылардың жеке басын анықтады. Жәбірленуші тарап оларды ұстамай, босатып жібергенін айтты. Істің жеңіл баппен қаралып жатыр.
«Бәрін сотқа дейін қамау керек еді. Бостандықта жүргеннен кейін олар тергеу амалдарына да, бізге де кедергі келтіріп, мазалап, үй жаққа келіп қорқытуы мүмкін. Үрей туғызуы мүмкін», – деді жәбірленушінің қорғаушысы Қайрат Молдахметов.
Ал қалалық полиция департаменті өкілі аталған іске қатысты 107-бап, яғни, денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты. «Ұсталғандардың әрқайсысы заң алдында жауап беред»і деп отыр.
«Тергеу енді басталды. Осы жанжалға қатысушы 8-9 адам ұсталды. Бірақ оның нақты нешесі дене жарақаттарын салғанын міндетті түрде анықтаймыз. Бейнежазбалардың көмегіне, куәгерлердің жауабына жүгінеміз.Әрқайсының іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі», – деді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Айта кетейік, оқиға орнында Арман Уәлиханұлынан бөлек, жолдасы Антон Кожемякин болған. Ол да бас жарақатын алған, көзі көгеріп, төрт бірдей тісінен айырылған. Бүгінде дәрігердің бақылауында.
Диана Тұрлыбек, Ялкунжан Әшімжанов
Оқи отырыңыз: Биыл 22 адам жүргізуші куәлігінен айырылған