Халыққа және тасымалдаушылар үшін қолайлы жағдай жасалуы қажет - Олжас Бектенов

09.12.2025 13:20

Бақылау мен үйлестіру Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жүктелді

Almaty.tv

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов көлік жолдары бойындағы сервистік инфрақұрылымның жай-күйі маңызды мәселе екенін атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Көлік министрлігі «ҚазАвтоЖол» компаниясымен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, халыққа және жалпы тасымалдаушылар үшін қолайлы жағдай жасауы қажет. Бұл ретте жеке инвестицияларды белсенді тарту керек», — деді Премьер-министр.

Бақылау мен үйлестіру Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жүктелді.

Оқи отырыңыз: Қытайға теміржол экспорты 11 пайызға өсті