Олжас Бектенов: Президенттің жоғары сенімін ақтауымыз керек

08.09.2026 10:28

Үкіметтің алғашқы отырысы басталды

Almaty.tv

Бүгін Құрылтай сайлауынан кейін жаңартылған құрамда Үкіметтің алғашқы отырысы басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Жаңа Конституция заңды күшіне еніп, мемлекетіміз саяси және экономикалық жаңғыруға қадам басқан тарихи кезеңде еліміздің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін бәріміз жан-жақты шараларды қабылдауға міндеттіміз. Барлық бағыт пен салалар бойынша Мемлекет басшысы қойған міндеттерді жүйелі әрі кешенді түрде жүзеге асыру қажет", — деп атап өтті Премьер-министр.

Үкімет басшысының айтуынша, «Заң мен Тәртіп» және «Таза Қазақстан» конституциялық қағидаттары әрдайым биік тұруға тиіс. Үкіметтің жұмысы кешенді шараларды қабылдай отырып, озық қарқынмен жүруі керек.

"Қазір толық жауапкершілікті мойнымызға алып, нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті шешімдерді жедел қабылдайтын уақыт. Бәріміз Президенттің жоғары сенімін толығымен ақтауымыз керек", — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Оқи отрыңыз: 50 мың студент 6 мың кәсіпорын базасында дуальды оқытудан өтіп жатыр


 

Толық көрсету