Олжас Бектенов «Самұрық-Энерго» басшысының не себепті қызметтен кеткенін айтты

Үкіметтің баспасөз қызметі
Үкіметтің баспасөз қызметі

Бұл туралы Премьер-министр Үкімет отырысында мәлімдеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов жаңа энергетикалық қуатты салу және пайдалануға беру мерзімінің сақталуын жеткілікті деңгейде бақыламағаны үшін қызметінен босатылды. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Жаңа қуат көздерін салу мен іске қосудың белгіленген мерзімдерін сақталуын тиісті деңгейде бақыламағаны үшін кеше «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовты қызметінен босату туралы шешім қабылданды. Оған бірнеше рет ескерту жасалған болатын, ол тиісті қорытынды жасаған жоқ. Сондықтан кеше Президент тарапынан қатаң сын айтылды, содан кейін тиісті шешім қабылданды", – деп түсіндірді Премьер-министр.

Сонымен қатар енді Энергетика министрлігіне «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, энергетикалық жобаларды іске асыру және мұндай жағдайлардың алдағы уақытта қайталануына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

Оқи отырыңыз: Елімізде жаңа энергия қуаттарын іске қосу жоспарланып отыр