Олжас Бектенов: Жаңа Конституция жобасы – болашаққа бағдарланған прогрессивті құжат

Үкіметтің баспасөз қызметі
Үкіметтің баспасөз қызметі

 Жиынды ашқан Премьер-министр жаңа Конституция жобасын ашық әрі нақты түсіндірудің маңыздылығына тоқталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық ғылым академиясы мүшелері, мемлекеттік органдар басшылығы, бірқатар облыс әкімдері және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен ғылым мәселелері, ғылыми жобаларды жүзеге асыру және Ұлттық ғылым академиясының әлеуетін экономиканың түрлі саласын дамытуға тарту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Президенттің экономика салаларын цифрлық трансформациялау жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ғылым мен нақты сектор кооперациясын нығайту, сондай-ақ ғалымдарды қолдау шаралары талқыланды.

 Жиынды ашқан Премьер-министр жаңа Конституция жобасын ашық әрі нақты түсіндірудің маңыздылығына тоқталды. Құжатта қоғамда болып жатқан жоспарлы саяси және экономикалық өзгерістерді көрсетіліп, ел дамуының жаңа бағдарлары, оның ішінде білім, ғылым және инновация саласындағы басымдықтар белгіленгені атап өтілді.

Ата Заңның жаңа жобасы – болашаққа бағдарланған прогрессивті құжат. Онда адам және оның құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жария етілді.

Біз Конституция жобасында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “Заң мен тәртіп” жаппай үстемдік құрған, “Әділетті әрі таза Қазақстанды құру” идеясы халықтың кең қолдауына ие болғанын көріп отырмыз. Жауапты әрі жасампаз отаншылдық идеясы басты орынға қойылады.

“Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет” тұжырымдамасы саяси жүйенің тұрақтылығы мен сабақтастығын орнықтыра түседі, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Жаһандық деңгейдегі өзгерістер мен жоғары технологияның қарқынды дамуы және «орта державалар» рөлінің артуы жағдайында конституциялық реформаның заман талабына сай уақтылы жасалған қадам екені баса айтылды.

Талқылау барысында ғылыми ортаның өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдап пікір білдірді. Ғылымды мемлекеттің тұрақты дамуының негізі ретінде шоғырлантыру жөніндегі бастамалар ерекше атап өтілді.

"Жаңа Конституция жобасы адам құқығы мен бостандығын мемлекеттің басты басымдығы ретінде бекітіп қана қоймай, Қазақстанның ұзақмерзімді ғылыми-технологиялық дамуының негізі саналады, — деп атап өтті Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев.

"Бүгінгі таңда медицина ғылымының дамуы – ғылыми прогресс қана емес, сонымен қатар ұлттық қауіпсіздік пен орнықты денсаулық сақтау жүйесін нығайтудың негізгі факторы. Конституцияның жаңа жобасында ғылымды мемлекеттің тұрақты дамуының негізі ретінде қарастыру аса маңызды екені сөзсіз. Бұл ғылыми білім мен зерттеулердің және ғылыми кадрлардың еліміздің қосалқы емес, тікелей стратегиялық ресурсы екенін мойындауды білдіреді, — деді академик Вячеслав Локшин «өмір және денсаулық туралы ғылым» бағытын стратегиялық деңгейге шығару қажеттілігін атап өтіп.

Осыған байланысты жасанды интеллект және үлкен деректер базасында шешімдерді енгізу, цифрлық диагностика мен телемедицинаны дамыту, медицина ғылымының кадрлық әлеуетін нығайту мәселелері де күн тәртібінде өзекті бола түсті.

Новости партнеров