Өңірлерден жиналған 660 құрақшы әлемдік рекордтар кітабына енді

Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Олар көлемі 1366 шаршы метрге жайылған құрақ көрпе құрады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласындағы "Медеу мұз" айдынында ұлттық қолөнерге арналған бірегей «Аламан құрақ – 2025» мәдени жобасы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Елдің әр өңірінен жиналған 660 құрақшы жалпы көлемі 1366 шаршы метрге жайылған құрақ көрпе құрап, бұл көрсеткіш Global Book of Records дүниежүзілік рекордтар кітабына тіркелді. Бұл – қазақтың құрақ өнеріне арналған тұңғыш әлемдік рекорд.

Ауқымды жобаға Абай және Шығыс Қазақстан облыстарынан барлығы 34 құрақшы қатысты. Оның ішінде Абай облысынан 13 мұғалім мен 2 оқушы бар. 

Жобаның авторы – Аягөз ауданы, Таңсық ауылының тумасы, қолөнер жанашыры Нұргүл Абайхан. Оның бастамасымен жүзеге асқан әлемде теңдесі жоқ мәдени жоба қазақ аналарының ауыз біршілігін, құрақ өнерінің көркемдігін және ұлттық құндылықтың терең мағынасын әлемге паш етуді мақсат етті.

Оқи отырыңыз: Абай - ұлы ойшыл: Алматыда ақынның әндері бірнеше тілде орындалды

 

Новости партнеров