Киберқылмыскерлердің ең жиі қолданылатын әдісі – банк қызметкері болып хабарласу
Елімізде онлайн ұрылардың әрекеті барған сайын көбейіп, қулығы да күрделеніп барады. Түркістан облысында жыл басталғалы 330-дан астам азамат интернет алаяқтарының арбауына түсіп, 667 млн теңгесінен айырылған. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 70 пайызға көп, деп хабарлайды Almaty.tv.
Киберқылмыскерлердің ең жиі қолданылатын әдісі – банк қызметкері болып хабарласу. Бұл тәсіл бойынша 123 жағдай тіркеліп, 345 миллион теңге шығын келтірілген. Сонымен қатар WhatsApp мессенджері арқылы таныстардың атынан ақша сұрау әрекеттері де жиілеп, азаматтарға 7 миллион теңге көлемінде залал келген.
«Интернет алаяқтық қылмысының өсуінің басты себебі – тұрғындардың өздері қысқа мерзімде жеңіл табыс табу мақсатында белгісіз жарнамаларға және сілтемелерге сенуі, арзан тауарлар мен қызметтерге көз жеткізбей, алдынала төлем жасау және қарапайым қаржылық сауаттылық деңгейі төмендігі», – деді Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Арман Бейсенбаев.
Оқи отырыңыз: Перизат Қайрат 10 жылға, анасы 7 жылға сотталды