Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 7 градусқа дейін аяз болады

16.10.2026 21:56

Республика бойынша тұман түседі, елдің шығысында көктайғақ күтіледі

Almaty.tv.

Қазгидромет 17–19 қазанға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv 

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қар жауады, ал батыста жаңбыр жауады. Тек Ұлытау облысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Республика бойынша тұман түседі, елдің шығысында көктайғақ күтіледі. Батыс өңірлерде найзағай ойнайды. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде 1–7 градус аяз болады.

Ауа температурасы:

  • Батыста: күндіз ауа температурасы негізінен +18…+25 °C болады.
  • Солтүстік-батыста: түнде ауа температурасы 0…+5 °C-тан −1…−6 °C-қа дейін, күндіз +13…+18 °C-тан +15…+20 °C-қа дейін аздап құбылады.
  • Солтүстікте: түнде ауа температурасы 0…+5 °C-тан −1…−6 °C-қа дейін, күндіз +6…+12 °C-тан +12…+17 °C-қа дейін аздап өзгереді.
  • Орталықта: күндіз ауа температурасы негізінен +10…+20 °C болады.
  • Шығыста: түнде ауа температурасы 0…+5 °C-тан −1…−6 °C-қа дейін аздап құбылады. Күндіз негізінен +3…+12 °C, таулы аудандарда −2 °C болады.
  • Оңтүстікте: түнде +2…+7 °C, күндіз +18…+25 °C болады.
  • Оңтүстік-шығыста: күндіз +10…+18 °C, таулы аудандарда +3…+8 °C болады.

Оқи отырыңыз: Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады

 


 

Толық көрсету