Оралда кәсіпкерлерден ақша бопсалаған 8 адам ұсталды

19.06.2025 09:40

Тінту барысында ірі көлемде ақша мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленген

ҰҚК баспасөз қызметі

10 маусымда Орал қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті кәсіпкерлерден ақша бопсалады деген күдікпен топтың әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"8 қазақстандық ұсталды, екеуі соттың санкциясымен қамауға алынды", — делінген ҰҚК хабарламасында.

Бұл тұлғалардың әрекеттері аймақтың коммерциялық іс-әрекетіне қатысушыларына теріс әсер еткен.

Тінту барысында ірі көлемде ақша мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленген. Қылмыстық кодекстің 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Оқи отырыңыз: БҚО-да алимент берешегі бар ер адам қамауға алынды