Оралда телефон алаяқтарына жәрдемдескен күдікті ұсталды

Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, 23 жастағы азамат қаскөйлер пайдаланған нөмірлерді жаппай іске қосуға көмектескен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оралда телефон алаяқтарына жәрдемдесті деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, 23 жастағы азамат қаскөйлер пайдаланған нөмірлерді жаппай іске қосуға көмектескен. Нақтырақ айтсақ, Телеграм арқылы байланысқа шыққан қылмыстық топтың нұсқауымен SIM-карталарды бөгде адамдардың атына рәсімдеп, оларды WhatsApp-та тіркеп, әрі қарай басқаруды алаяқтарға беріп отырған. Ал олар өздерін Ұлттық банк қызметкері ретінде таныстырып, шоттағы ақшаны қорғаймыз деген желеумен жергілікті тұрғынның 10 миллион теңгесін қолды қылған. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр.

 «Соңғы 4 айда Полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасымен алаяқтарға көмектесіп,  Қазақстан Республикасы ұялы байланыс операторларының абоненттік нөмірлерін рәсімдеп, алаяқтарға пайдалану үшін беріп жүрген бірқатар тұлғаларды ұстады. Олардың ішінде 2 оқу орынының студенті және басқа азаматтар бар», – деді ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Артур Мұсағалиев.

Оқи отырыңыз: Автобус апаты: Алматыда зардап шеккен қыздың жағдайы ауыр

Новости партнеров