Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеуде
Оралда жедел жәрдем көлігі жеңіл автокөлікпен соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
2025 жылғы 9 маусым күні сағат 13:30 шамасында Орал қаласында Шолохов пен Сергей Тюленин көшелерінің қиылысында Hyundai Solati жедел жәрдем көлігі мен Hyundai Accent жеңіл автокөлігі соқтығысты. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жедел жәрдем жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан Қалалық көпсалалы аурухананың жарақат пунктіне жедел жәрдем көлігіндегі 28 жастағы жолаушы жеткізілді. Hyundai Accent салонынан Облыстық көпсалалы балалар ауруханасының жарақат пунктіне 13 жастағы қыз бала, сондай-ақ Облыстық көпсалалы балалар ауруханасының жарақат пунктіне түрлі жарақаттар алған екі фельдшер жеткізілді, — деп мәлімдеді ведомство.
Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеуде. Жайттың мән-жайы анықталып жатыр. БҚО денсаулық сақтау басқармасы әзірге зардап шеккендердің жағдайына қатысты түсініктеме берген жоқ.
Оқи отырыңыз: Жанымның аман қалғанына қуандым: үйі өртеніп кеткен қария жергілікті биліктің жауапсыздығына наразы