Оралдан Ыстанбұлға тікелей рейс ашылады

17.04.2026 13:19

Рейстер аптасына екі рет — бейсенбі және жексенбі күндері жүзеге асырылады

Almaty.tv

2026 жылғы 4 маусымнан бастап Орал – Ыстанбұл бағытында тұрақты рейстер ұшады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Орал халықаралық әуежайы» ЖШС-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, рейстер аптасына екі рет — бейсенбі және жексенбі күндері жүзеге асырылады.

Ыстанбұл — ірі көлік және туристік орталықтардың бірі, ол іскерлік сапарлар мен демалыс үшін, сондай-ақ әрі қарай халықаралық бағыттарға ыңғайлы қосылуға мүмкіндік береді.

Тікелей рейстің ашылуы жол жүру уақытын қысқартып, Батыс Қазақстан облысы тұрғындары үшін халықаралық бағыттардың қолжетімділігін арттырады.

Оқи отырыңыз: Алматыда 20 сәуірден бастап жылу желілерін гидравликалық сынау басталады