Өртенген көліктен табылған мәйіт: Талдықорғанда күдікті қолға түсті

11.10.2024 21:22

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр

Видеодан кадр / Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі

Талдықорғанда із-түзсіз жоғалып кетіп, бір күннен кейін өртенген көлігінің ішінен денесі табылған тұрғынды өлтірді деген күдікпен 37 жастағы ер адам ұстады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті қамауға алынды.

«Полициямен бұрын хабар-ошарсыз кеткен облыс орталығының тұрғынын өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында, Талдықорған қаласының аумағындағы жолдың бойында жоғалған адамға тиесілі автокөлік табылды. Жиналған заттай дәлелдемелердің негізінде жедел-уәкілдер қылмыс жасағанын мойындаған 37 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Күдікті азамат қамауға алынды», - делінген хабарламада.

Көп оқылған: Республика күнінде қазақстандықтар қалай демалады

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысында өртенген көліктен ер адамның мәйіті табылғанын, марқұмның 7 қазанда жоғалып кеткен 47 жастағы тұрғын болып шыққанын хабарлаған болатынбыз.

Оқи отырыңыз: Талдықорғандық экс-полицейді зорлық көрсетті деп айыптаған қыз үйқамаққа алынды