Өскемен дәмханасындағы жаппай улану: полиция қылмыстық іс қозғады

30.07.2025 08:38

Алдын ала дерек бойынша, дәмханада өткен мерекелік шараға 200-ге жуық адам қатысқан

nichiiro/ unsplash.com/

Өскемендегі дәмханалардың бірінде өткен мерекелік шараға келгендердің жаппай жедел ішек инфекциясымен ауруханаға түсуіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алдын ала дерек бойынша, дәмханада өткен мерекелік шараға 200-ге жуық адам қатысқан. Алайда олардың ішінде нақты қанша адам уланғаны белгісіз.

"Дәмхана қызметкерлерінің жалпы саны – 17 адам. Олардың тек сегізінде ғана медициналық кітапша болғаны анықталды. Мамандар дәмханаға жоспардан тыс тексеріс жүргізіп, зертханалық сынамалар алды", - деп хабарлады қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан.

Ал полиейлер дәмхананы уақытша жауып, мөрледі. Жаппай улану дерегі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 304-бабына (Санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында науқастардың тұрғылықты жерлерінде де қосымша зерттеулер жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында жүргізушіні өзінің жүк көлігі басып кетті