Іздестіру жұмыстары 27 шілдеден бері жүргізілген болатын
Өскеменде 2006 жылы туған азаматтың денесі Ертіс өзенінен табылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, марқұмның денесі қалаға жақын орналасқан Предгорное ауылы маңынан табылған.
«Куәгерлердің бірі судан адамның денесін байқаған. Оқиға орнына жеткен ТЖД қызметкерлері мәйітті өзеннен алып шықты», - делінген хабарламада.
Іздестіру жұмыстары 27 шілдеден бері жүргізілген болатын.
Оқи отырыңыз: Ақтауда екі қызды құтқарып, өзі суға батып кеткен азаматтың отбасына пәтер берілді