Бұл шешімді бірінші сатыдағы сот та, Шығыс Қазақстан облыстық соты да күшінде қалдырды
Өскемен қаласының әуежайы авиаотын бағасын негізсіз жоғары ұстап отырғаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Бұл жағдайды Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті тексеру барысында анықтаған. Тергеу нәтижесінде әуежайдың авиаотынды бөлшек саудада сату кезінде монополиялық жоғары баға белгілеп, оны ұзақ уақыт өзгеріссіз ұстап келгені белгілі болды.
Сот шешімімен "Өскемен әуежайына" 8,9 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар заңсыз алынған 10,6 млн теңге табыс мемлекет кірісіне өндірілді.
Бұл шешімді бірінші сатыдағы сот та, Шығыс Қазақстан облыстық соты да күшінде қалдырды.
Оқи отырыңыз: Ақтөбеде заңсыз пәтер таратқан шенеунік 7 жылға сотталды