Өскеменде апат салдарынан 350 отбасы жарықсыз қалды

26.06.2025 10:35

Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел бригада жұмыс істеп жатыр

Miao Xiang/unsplash.com

Өскеменде апатқа баланысты жарық сөндірілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бірлескен энергосервис компаниясы» акционерлік қоғамы баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат салдарынан Куленовка шағынауданында 350 отбасы жарықсыз қалды.

«Жарықтың сөндірілуіне жол бойымен жүргізілген жерасты кабельдерінің зақымдануы себеп болған. Бұл жағдай жөндеу жұмыстарын жүргізуге қиындық тудырды»,- деп хабарлады компания өкілдері.

Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел бригада жұмыс істеп жатыр. Жарық жөндеу жұмыстары аяқталған соң бірден беріледі.

Оқи отырыңыз: СҚО тұрғыны 19 млн теңгесінен айырылды