Құтқарушылар пәтерден шыққан өртті жылдам сөндіріп үлгерді
Өскеменде өрт сөндірушілер өрт кезінде 14 адамды құтқарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, қаладағы Г.Потанин көшесінде орналасқан 9 қабатты үйлердің бірінің 5-қабатындағы пәтерден өрт шыққан.
«Қатты түтін салдарынан баспалдақ маршымен 20 адам эвакуацияланып, 14 адам, оның ішінде 7 бала құтқару қалпақтары арқылы жану өнімдерімен уланудан құтқарылды», - делінген хабарламада.
Өрттің таралуына жол берілмей, 20 шаршы метр аумақтағы қызыл жалын сөндірілді.
Көміртегі тотығымен уланған пәтер қожайынына ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін, ол ауруханаға жатқызылды.
Оқи отырыңыз: Президент ақын Темірхан Медетбектің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады