Өскеменде суға батып кеткен екінші адамның денесі табылды

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Жас жігіттің денесі оқиға орнынан екі шақырым қашықтан табылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өскеменде суға шомылуға жабдықталмаған жерде суға батқан адамды іздеу аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

— 9 мамырда ШҚО ТЖД құтқарушылары 3 мамырда Үлбі өзенінің шомылуға арналмаған аумағында суға түсу кезінде батып кеткен 2003 жылы туған азаматтың денесін тапты. Жас жігіттің денесі оқиға орнынан екі шақырым қашықтықта, таяз суларда Степное ауылының ауданындағы Үлбі өзенінен анықталды, — делінген ТЖД хабарламада.

Айта кетсек, 3 мамырдан бастап ТЖД, еріктілер, полиция күштері мен құралдарын тарта отырып, күнделікті іздестіру жұмыстары жүргізілді. Су қоймасының жағалау сызығын зерттеу үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары да қолданылды.

Бұған дейін хабарланғандай, 23 жастағы екі жігіт Согра шағынауданындағы Үлбі өзеніне барып, суға түскен. Екеуі де суға батып кетті. Бір адамның мәйіті табылды. Ал екіншісінің денесін іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатқаны айтылған болатын.

ТЖМ су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады: ешқандай жағдайда өмірге қауіп төндіретін жабдықталмаған орындарда шомылмаңыз.

Оқи отырыңыз: Табиғи және тарихи нысандарды бүлдіргендер қылмыстық жауапқа тартылады - ІІМ

 

Новости партнеров