1942 жылы туған азаматша терезе жуып жатқан кезде абайсызда құлап кеткен
Өскеменде оқыс жағдайда қайғылы оқиға болды. Бесінші қабатта пәтерінің терезесін жуып тұрған әйел адам абайсызда құлап кетіп, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.
Қайғылы жағдайды облыстық Полиция департаменті растап, агенттік тілшісі пікір білдірді.
«30 шілде күні Өскемен қаласында Алматы көшесіндегі тұрғын үйдің бесінші қабатындағы терезеден әйел адам құлап, алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Анықталғандай, 1942 жылы туған азаматша терезе жуып жатқан кезде абайсызда құлап кеткен.
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті жеке қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салып, азаматтарды өз денсаулығы мен өміріне ұқыпты қарауға шақырады», – делінген облыстық ПД хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Жыл басынан бері жалған ақпарат жариялау бойынша 47 қылмыстық іс тіркелді