Өскемендегі қорғасын зауытындағы ірі апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Күдікті ретінде әзірге ешкім қамауға алынған жоқ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өскемендегі қорғасын зауытындағы ірі апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ретінде әзірге ешкім қамауға алынған жоқ. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Ішкі істер вице-министрі мәлімдеді, деп хабарлайды  Almaty.tv.  

Санжар Әділов тергеу Қылмыстық кодекстің еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтамау дерегі бойынша жүргізіліп жатқанын жеткізді. Қайғылы оқиғадан екі адам көз жұмған, екеуі ауруханада жатыр. Бұған дейін біреуінің жағдайы аса ауыр екені, денесінің 90 пайызын күйік шалғаны туралы айтылған. Оларға көмек көрсету үшін Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының дәрігерлері Өскеменге арнайы бортпен ұшып кетті.

«Қылмыстық кодекстің 156-бабы 4-тармағына сай еңбек ережелерін сақтамау бойынша қылмыстық іс қозғалып, толық тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қазіргі таңда қатаң бақылауға алынды», – деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда такси қауіпсіздігін бақылау күшейтіледі

Новости партнеров