Өскемендік әйел баланың логикасын жетілдіретін ұлттық нақыштағы ойыншықтар жасап жүр

11.05.2026 17:51

Аяжан Қуатбекқызы түрлі форматтағы ойыншықтарды дайындайды

Фото: Аяжан Қуатбекқызының жеке мұрағатынан

Өскемендік суретші Аяжан Қуатбекқызы түрлі ойыншық жасауды қолға алған. Баланың дамуына әсер ететін, моторикасын, логикасын жетілдіретін ойыншықтарды ұлттық нақышта әзірлейді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұдан бөлек, қазақ ертегілерін ойын форматында да ұсынады.

"Шынымды айтсам, бала кезімде сурет салуға ерекше қызығушылығым болмаған. Бірақ мектепке жаңадан келген сурет пәнінің мұғалімі бойымдағы қабілетті байқап, маған сенім артты. Сол кісінің қолдауы мен бағыт-бағдары менің өнерге деген көзқарасымды өзгертіп, бүгінгі таңда шығармашылық жолды таңдауыма себеп болды",- деді суретші.

Аяжан Қуатбек қызы түрлі форматтағы ойыншықтарды дайындайды.Олардың қатарында қағаз негізінде ламинатталған, липучкамен және қысқыштар арқылы ойналатын ойыншықтар, фетрден тігілген бұйымдар, ірі көлемдегі ағаштан жасалған көрнекіліктер бар. Бұл өнімдердің барлығы балалардың ойлау қабілетін дамытуға бағытталған.

Дереккөз: ҚазАқпарат