Отбасы – бақыт мекенім: Мегаполисте әке мәртебесі мен бала тәрбиесі талқыланды

17.06.2026 15:59

Алматыда Әкелер күніне орай форум өтті

Алматыда Әкелер күніне орай «Тәрбие басы – әкелер қолында» атты форум өтті. 200-ден астам адам қатысқан тағылымды жиында отағасының отбасындағы орны мен бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі кеңінен талқыланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сондай-ақ келелі кездесуде ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтарды дәріптеу, әке мәртебесін арттыру және отбасы институтын нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Айта кетейік, іс-шара қалалық Ішкі саясат басқармасы қоғамдық даму орталығының «Отбасы – бақыт мекенім» жобасы аясында ұйымдастырылған.

«Әкенің ұлға беретін ең бірінші тәрбиесі – үлгі болу. Адам аузымен айта береді. Балам сен темекі шекпе деп ақыл айту өте оңай, бірақ өзің темекі шегетін болсаң одан не пайда? Бірақ іс жүзінде әдепті, мәдениетті болсаң, ұлың да саған қарап бой түзейді. Сенің айтқаныңды емес, істеп жүргеніңді, демек көргенін үйренеді», – деді журналист Ерлан Әбдірұлы.

«Жоба жыл бойы өткізіліп келеді. Әуелі аналар туралы, аналардың диалогтық алаңын ұйымдастырдық. Екіншіден, бала мен әке арасындағы «Әке - толағай» эстафеталық жарыс ұйымдастырдық. Сомын Әкелер күніне орай, форум ұйымдастырудамыз. Негізгі мақсаты – әке мен баланың қоғамдағы рөлін көрсету, отбасылық құндылықтар арқылы баланы тәрбиелеу», – деді қоғамдық қор директоры Нұрислам Исмаил.

Оқи отырыңыз: Әскердегі тәртіпті жасанды интеллект бақылайды