Отбасылық құндылықтар: Алматыда ата-аналар мен балалар бірлесіп сурет салды
Отбасын қолдау орталығы қиын жағдайға тап болған жанұяларға заңгерлік, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетеді
«Отбасы — бұл біз». Алматыда Отбасы күніне орай осындай тақырыпта арт-терапиялық іс-шара өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жиында ата-аналар мен балалар бірге сурет салып, өзара сенім мен сыйластықты арттыруға мүмкіндік алды. Игі бастамаға ұйытқы болған Отбасын қолдау орталығы қиын жағдайға тап болған жанұяларға заңгерлік, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетеді. Мамандардың айтуынша, мұндай іс-шаралар отбасылық құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді.
«Әке-шеше балаларымен бірге сурет салатын болады. Өздерінің отбасы туралы тақырыпта сурет салады. Мақсаты – біріншіден, отбасы құндылығын нығайту, бір-біріне деген сенімін арттыру», – деді Отбасын қолдау орталығының директоры Ақмолжан Зарипов.
Оқи отырыңыз: Қала күніне орай Алматыда «Үздік жасыл мектеп» байқауының 16 қатысушысы анықталды