Отбасылық-тұрмыстық қылмыстың алдын алу, деңгейін төмендету - Алматыда да өзекті мәселелердің бірі. Бұл бағытта қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? Қазір қалада жасөспірімдер арасындағы қылмыс деңгейі қандай? Бұл сұрақтарға Almaty TV эфирінде Медеу ауданы прокуратурасының прокуроры Мадияр Хамит жауап берді.