Қазіргі кезде полицейлер тексеру жүргізіп жатыр
Павлодарда егде жастағы әйелдің өлімі бойынша полиция тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
7 шілдеге қараған түні орталық жағалауда үш баласы бар әйел анасымен бірге төрт доңғалақты велосипедпен серуенге шыққан. Алайда ылдиға түскен кезде велосипед қатты жылдамдықпен келіп темір қоршауға соғылған.
Жедел жәрдем станциясына қоңырау сағат 23:08-де түсті, ал оқиға орнына жету үшін алты минут кетті.
- Өкінішке қарай, оқиға орнында дәрігерлер өмірге сәйкес келмейтін дене жарақатын алған 69 жастағы әйелдің қайтыс болғанын растады. Облыстық балалар ауруханасына 2010, 2015 және 2018 жылы туған үш қыз жеткізілді. Тағы бір жәбірленуші – 39 жастағы әйел Павлодар қалалық №1 ауруханасына жатқызылды, - деді ведомствода.
Павлодар тұрғынының өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша полицейлер тексеру жүргізіп жатыр.
Оқи отырыңыз: Арнайы операция: Алматы облысында ірі есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылды