Алматының Бостандық ауданында орналасқан Отбасын қолдау орталығы жыл басынан бері 3700-ден астам адамға түрлі бағытта қолдау көрсетіпті. Онда көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға «жалғыз терезе» қағидасы бойынша кешенді қызмет ұсынады. Психологиялық, әлеуметтік және заңгерлік кеңестер беріліп, жұмысқа орналасуға да көмектеседі. Сондай-ақ орталық биыл жаңа 410 адамды тіркеп, оның ішінде 208 адамға психологиялық көмек көрсеткен. 2 мыңнан аса адам әлеуметтік кеңеске жүгінсе, 75 адам шаштараз, СММ, массаж, тіл үйрену сияқты тегін курстарға қатысқан. Орталық мұқтаж аналарға тағы нендей қолдау көрсетеді? Тегін көмек алу үшін не істеу керек? Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы Бостандық ауданы Отбасын қолдау орталығының психологы Дәмен Әлімхан жауап береді.