Отбасының цифрлық картасын жүргізу тәртібі бекітілді

27.10.2026 11:15

Деректер мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінен автоматты түрде алынып, тұрақты жаңартылып отырады

depositphotos

Қазақстанда Отбасының цифрлық картасын жүргізу қағидалары бекітілді. Құжат 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
 
Картада азаматтардың табысы, мүлкі, жұмыспен қамтылуы, денсаулығы, білімі және тұрғын үй жағдайы туралы мәліметтер қамтылады. Деректер мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінен автоматты түрде алынып, тұрақты жаңартылып отырады.
 
Мемлекеттік органдар қате немесе толық емес мәліметтерді бес жұмыс күні ішінде түзетуге міндетті.

Толық көрсету