Референдумға дейін:
18
күн
22
сағат
45
минут

Өткеннен жеткен аманат: Есік тарихи-өлкетану музейі құнды жәдігерлермен толықты

Археологиялық жәдігерлердің қатарында арыстан бейнелі алтын сақина, алтын әшекейлер, қыш құмыралар және өзге де тарихи айғақтар бар

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Есік тарихи-өлкетану музейі құнды жәдігерлермен толықты. «Өткеннен жеткен аманат» атты іс-шара аясында Тоғызбұлақ қорымынан табылған олжа Есік өлкетану музейі қорына табыс етілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Археологиялық жәдігерлердің қатарында арыстан бейнелі алтын сақина, алтын әшекейлер, қыш құмыралар және өзге де тарихи айғақтар бар. Зерттеушілердің сөзінше, аң стилінде жасалған алтын әшекейлер Алматы облысындағы екінші алтын адамға тиесілі болуы мүмкін. Өйткені, зергерлік бұйым Алтын адамнан табылған сақинаға өте ұқсас. Пайымды нақтылау мақсатында жәдігер үлгісі Литва еліндегі зертханаға  жөнелтілді.

Айта кетейік, Алматы облыстық тарихи мәдени мұраны қорғау орталығы 2022 жылдан бастап тарихи мәдени ескерткіштерді жинақтау жұмыстарын қолға алған.

«Қазіргі таңда жиналған қыш ыдыстың үш данасы әкелінді. Тағы алтын сақина шықты. Солардың конструкциясын қарай отырып, біздің заманымызға дейінге IV-III ғасыр деп мерзімдедік. Есік алтын адамына қатысты мәліметтер өте көп. Соны толықтырсын, Өлкетану музейінің де ауқымы кеңейсін деген мағынада келіп өткізіліп отыр», – деді археолог Хамит Айтқұл.

Оқи отырыңыз: Рамазан: Жақсылық – адамдық өлшемі

Новости партнеров