Әдетте мән бермейтін, қарапайым әдетіңіз – игі істің негізі болуы мүмкін
Рамазан айында әрбір игі іс – сауапқа айналады. Күнделікті күйбең тірлікте қаншама сауап іс істеп жүргеніңізді білесіз бе?
Мән бермейтін қарапайым әдетіңіз – игі істің негізі болуы мүмкін.
Ендеше, Almaty.tv ұсынған бейнероликті тамашалай отырып, әрекетіңізді бағалаңыз.
Иә, адамның қадірі байлықпен өлшенбейді. Сауап жасау үшін бай болу міндетті емес.
«Адамдардың ең жақсысы – адамдарға пайдалы болғаны», – деген Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.у.).
Ғалымдар бұл хадисті түсіндіруде «пайдалы болу» ұғымын тек материалдық көмекпен шектемейді.
Имам әл-Мунауи өз еңбектерінде адамға пайдалы болу – білім үйрету, қиындықтан құтқару, мұқтажға жәрдем беру, жақсы сөз айту сияқты кең мағынада қарастырылатынын жазады.
Рамазан айында жасалған әрбір игі іс – осы хадистің амалдағы көрінісі.
Оқи отырыңыз: Рамазан: ораза қабыл болуы үшін не істеу керек