Қарапайым ережелерді сақтау Жаңа жылды ауруханада емес, отбасы мен жақындардың ортасында аман-есен қарсы алуға мүмкіндік береді
Алматыда жыл сайын Жаңа жыл қарсаңында орта есеппен 15 өрт оқиғасы тіркелсек, соның 15 пайызы пиротехникалық заттарды дұрыс қолданбаудың салдарынан болып жатады. Сондай-ақ отшашудан жарақат алып, ауруханаға түсетіндер саны да артады. Осыны ескере отырып, мамандар отшашуға қатысты сақтық шараларын сақтау керек екенін айтады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мамандардың сөзінше, қауіптің алдын алуға болады — ол үшін қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтау жеткілікті.
Жарақаттың басты себептері қандай?
ТЖМ мамандарының айтуынша, жазатайым оқиғалардың негізгі себебі - сапасыз немесе сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдарды пайдалану және қауіпсіздік ережелерін елемеу.
Әсіресе балалардың ересектердің бақылауынсыз отшашу қолдануы, сондай-ақ азаматтардың мас күйінде пиротехника пайдалануы ауыр жарақаттарға әкеліп жатады.
Пиротехникадан қандай жарақаттар болуы мүмкін?
Дәрігер мамандардың айтуынша, жарақаттың деңгейі әртүрлі болады. Жеңіл және орташа зақым алғандар амбулаториялық ем алады, ал ауыр жағдайларда шұғыл медициналық көмек қажет.
Жарақат алған жағдайда алғашқы көмек қалай көрсетілуі керек?
Дәрігерлер пиротехникалық бұйымдардан жарақат алған кезде жедел жәрдем келгенге дейін алғашқы медициналық көмекті дұрыс көрсету маңызды екенін айтады. Оның сөзінше, отшашу мен петардалар сырттай қауіпсіз көрінгенімен, күйік пен ауыр жарақатқа себеп болуы мүмкін.
Көз жарақаттанса:
Күйік пен термиялық зақым кезінде:
Ашық жара, қан кету болған жағдайда:
Мамандардың айтуынша, алғашқы көмекті дұрыс көрсету асқынудың алдын алып, жарақаттың ауырлығын азайтуға көмектеседі.
Қандай отшашуларға тыйым салынады?
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Жаңа жыл кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке ерекше назар аударылады.
Өзгелерге қауіп төндірмейтін, аула тазалығын бұзбайтын шағын отшашуларға рұқсат етіледі. Ал азаматтардың өмірі мен мүлкіне зиян келтіруі мүмкін пиротехникалық бұйымдарды қолданғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Сондай-ақ Қазақстанда IV класқа жататын (қуатты) пиротехникалық бұйымдарды тек ІІМ лицензиясы бар заңды тұлғалар ғана пайдалана алады.
Қауіпсіздік ережелері қандай?
Құзырлы органдар мен дәрігерлер тұрғындарға мына қауіпсіздік шараларын ұстануды ұсынады:
Мамандардың айтуынша, қарапайым ережелерді сақтау Жаңа жылды ауруханада емес, отбасы мен жақындардың ортасында, аман-есен қарсы алуға мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз: Жаңа жыл қарсаңында елімізде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік күшейтілді