Алматының 18 нысанында бір мезгілде инженерлік желілер ауыстырылып жатыр

18.11.2024 21:38

«Алматы су» кәсіпорны 5600 шақырымнан астам сумен жабдықтау және кәріз желілеріне қызмет көрсетеді

Алматының 18 нысанында бір мезгілде инженерлік желілерді ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың жалпы ұзындығы 30 шақырымнан асқан. Бұл ретте «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жұмыс жүргізілген кезеңде су беруді тоқтатпа Almaty.tv

Самал-1 және Самал-2 шағынаудандарының бір арна арқылы өтетін инженерлік желілері шамамен 40 жыл бұрын орнатылған. 4 метр тереңдікте орналасқан ұзындығы 6,5 шақырым болатын металл құбырлар әбден ескіргендіктен, апатты жағдайлар да жиілепті. Сондықтан тозығы жеткендерін тот баса бермейтін ұзақ мерзімге шыдайтын пластикке ауыстырған.

"Кеңес кезеңінен қалған су құбырларын  заманауи пластик трубаға ауыстырып жатырмыз. Шыдамдылық мерзімі 30-40 жыл. Жол қатынасына, жолдарға ешқандай кедергі келтірмей, астындағы құбырды ауыстыруға 1 ай кетті", – деді мердігер Нұрдос Бұқабаев.

Айта кетейік, желілерді ауыстыру жұмыстары су беруді тоқтатпай жүргізіліп жатыр. Өйткені, ауыстыру процесі кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

"Арнайы тозығы жеткен участоктер бар. Күнде деп айтуға болмайды, бірақ 1 айдың ішінде бірнеше апатты жағдай болады. Құбырларды ауыстыру жұмыстары аяқталды. Енді  1 ай ішінде осы құбырларды тексеру жұмыстары, жаңадан іске қосу жұмыстары жал,асады", – деді  «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ресми өкілі серік Шағыров.

Кестеге сай жүргізіліп жатқан жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады.

Айта кетейік,  «Алматы су» кәсіпорны 5600 шақырымнан астам сумен жабдықтау және кәріз желілеріне қызмет көрсетеді.

Жансая Олжабек, Аида Иманәлі, Хангелді Ахметханов

Оқи отырыңыз: Құмды су ішіп отырмыз: тұрғындар тіршілік нәрінен тарығып отыр