Әр мектептен үздік 10 оқушы финалға жолдама алады
Отыз сұрақ, ойлануға санаулы секунд және дұрыс жауап беруге бір ғана мүмкіндік. Алматылық оқушылар спорт алаңында емес, мобильді қосымшада өзара бәсекеге түсіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мұнда олар қазақ тілі, математика, геометрия, тарих, өнер, музыка және кино салаларындағы білімін сынайды. Турнир бірнеше кезеңнен тұрады. Әр кезеңде қатысушыларға 30 сұрақтан қойылады. Әр мектептен үздік 10 оқушы финалға жолдама алады. Шешуші кезең 19-қыркүйекте өтеді. Ал ақтық сынға шыққандар үшін серіктестер мен демеушілер атынан арнайы сыйлық әзірленген.
«Сұрақтар оқушыға сәл қиындау да болуы мүмкін. Өйткені Бостандық ауданында мәдени, сәулет ескерткіші көп. Жылы, ең ғажап, ең биік деген секілді сұрақтар Алматы қаласы бойынша қамтылған», – деді қосымшаның негізін қалаушы Айболат Құлатай.
«Ойындар өте қызықты. Өзің спорт немесе рекорд, сериал, Алматы қаласы жайлы тақырыпты таңдай аласың. Бір жағынан ойынның ерекшелігі оқушылар ұпай жиып, білімін сынап, ақшалай жүлде ұтып алады», – деді 9-сынып оқушысы Айару Сапарғали.
Оқи отырыңыз: Елімізде 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізіледі