Өзен арнасын өзгертіп жіберген: ШҚО-да заңсыз алтын өндіргендер ұсталды

Олар соңғы екі жыл бойы экологиялық заңнаманы өрескел бұзып келген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қаржы мониторингі агенттігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өңірлік департаменті арнайы іс-шара барысында Самар ауданындағы «Кенқарын» учаскесінде күдіктілердің рұқсатсыз әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Тергеу деректеріне сәйкес, ұсталған азаматтар соңғы екі жыл бойы экологиялық заңнаманы өрескел бұзып, лицензиясыз алтын өндіріп келген. Сондай-ақ олар «Құлынжон» өзенінің табиғи арнасын өзгертіп, экожүйеге орасан залал келтірген. Қазірдің өзінде мемлекетке келтірілген шығын көлемі 82 миллион теңге деп есептеліп отыр. Қазір қылмыстық істің ұйымдастырушысы екі айға қамауға алынды

«Кеңді өңдеу үшін ауыр арнайы техника мен өнеркәсіптік жабдықтар пайдаланған. Заңсыз әрекеттің салдарынан табиғатқа келтірілген залал көлемі 82 млн теңгеден асты. Тексеру барысында ауыр арнайы техника және өнеркәсіптік жабдық тәркіленді. Ұйымдастырушы 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасуда», - деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында 70 жастағы қария жасөспірім қызды зорлаған

Новости партнеров